Жарылыс кезінде келіншекті босандырып алған мұғалімдер марапатталды

26 Маусым, 2019 142

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Арыстағы жарылыс кезінде келіншекті босандырып алған мұғалімдерді марапаттап, алғысын білдірді.

Жарылыс басталған уақытта Шайза Доскеева, Балбөпе Өтенова, Жанат Нұржұманова есімді мұғалімдер мектепте ҰБТ-ның апелляция отырысын өткізіп жатқан.


«Аяқ астынан болған жағдайда әріптестеріміз үлкен адагершілік көрсетті. Келіншекке қиын сәтте көмек көрсетіп, саспай, нәрестенің дүниеге келуіне себепкер болып, кіндікшеше атанып жатыр. Сол себепті, осы әріптестерімізді министрлікке шақырып, құрмет көрсетпекпіз. Біздің ұстаздар осындай. Адамгершілігі мол. Біз оларды мақтана айтамыз. Сондықтан, сіздерге тағы да алғыс айтып, Құрмет грамотасын беруге рұқсат етіңіздер. Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын», - деді министр.


Ұстаздардың үшеуі де жоғары оқу орындарының ұстаздары. Олар бұл өңірге ҚР БҒМ өкілі ретінде Астана, Семей, Атырау қалаларынан келген.

Пікірлер(0)

Пікір қосу