Мемлекет Арыстықтардың несиесін өтеуге қаржыны қайдан алады?

27 Маусым, 2019 375

Мемлекет жалпы берешегі 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспайтын азаматтардың қарызын азайтады

Арыстағы жағдайды өз көзімен көріп қайтқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы жарлыққа қол қойды. Айтып келмейтін апаттың зардабынан халықтың тең жартысы алған  несиелерін өтеудің жолдарын таба алмай отыр.

Мемлекет басшысы ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев қарызға батқан азаматтарымыздың жағдайына бей-жай қарай алмайтынын айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.   


"Сондықтан, Президент бұрын-соңды болмаған теңдессіз әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Тиісті Жарлыққа қол қойылды. Басты мақсат – қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмектесу, оларға өздерінің отбасыларының қаржылық ахуалын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беру", - деп жазылған хабарламада. 


Айта кетейік, мұндай жеңілдік көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан, бала жасынан мүгедектер бар отбасылар,  атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар, ата-анасынан  кәмелеттік жасқа дейін айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.


Мемлекет несиені жабуға ақшаны қайдан алады?


Бұл туралы сұраққа ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов жауап берді. Сонымен қатар, өтелетін несиенің жалпы сомасы 105 млрд теңгені құрағаны мәлім болды.

«Аталған соманың 88 млрд теңгесін Республикалық бюджеттен тартамыз. Бюджетті пысықтау аясында алдағы аптада нақты сомалар аталады. 17 млрд теңгені проблемалық несиелер қорынан арнайы облигацияларды шығару арқылы тартпақпыз. Сонымен қатар, өсім мен айыппұлдар бойынша несиелік борыштардың 70 пайызы қаржылық мекемелердің есебінен жүргізілетінін ескеру керек»,- деді қаржы министрі.

Пікірлер(0)

Пікір қосу