ТАҒЫЛЫМ: Неге қонаққа лақ союға болмайды?

27 Маусым, 2019 478

Біздің қазақ қашаннан қонақжай халық болған. Қонақ келсе, қой егіз табады деп қонақты құтқа балап, үй ішімен мәре – сәре болған. Үйір ішінде ала да, құла да бар демекші, кейбір «Шық бермес Шығайбайлардың» болғаны да жасырын емес. Сондай сәттерде, қазекемнің сөз тауып, бірде қауып айтқан сөздері ел ішінде кеңінен тараған екен.

«Бір бағлан жеп қайтайықшы» дщеп Бөлтірік шешен жора – жолдастарымен көрші ауылдағы бір орта шаруаның үйіне барып түседі. Үй иесі бағланды қимай, балықтай бір семіз лақты есік алдына алып келіп:

-         Балтеке, «Әумин» деңіз, - деп бата сұрайды. Жолдастарының лаққа көңілі тоймай қалғанын байқап Бөлтірік:

- «Әумин» десең лаққа,

Даусы кетер жыраққа.

Тапсаң қозы сой,

Таппасаң қоя ғой,

Бұл бейшараны жылатпа!- депті.

Үй иесі ұялғанынан кешірім сұрап, қонақтарына қозы сойған екен.

Пікірлер(0)

Пікір қосу