"Эйр Астана" ұшағында ақау шығып, Шереметьево әуежайына шұғыл түрде қонды

28 Маусым, 2019 262

Бірнеше күн бұрын Ташкент-Алматы» бағытындағы «Эйр-Астана» әуе компаниясының ұшағы қымтау жүйесіндегі ақауға байланысты Шымкентке апатты жағдайда қонып, бүгін тағы да  ақау шығып мәскеулік Шереметьево әуежайына шұғыл түрде қонды.  

Ұшақтың ішінде болған 93 жолаушы «Мәскеу-Нұр-Сұлтан» қосымша рейсі арқылы Мәскеу уақыты бойынша бүгін сағат 09:50-де ұшады.

«28 маусымда «Эйр Астана» әуе компаниясының «Лондон-Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша КС 942 рейсін орындаған ұшағы екі генератордың бірінің істен шығуы салдарынан жұмыс істемей тұрған ҚКБ (қосалқы күштік бекітпе) жағдайында Мәскеу уақытымен сағат 00:18-де шұғыл түрде қонды», - деп хабарланды компанияның баспасөз қызметінен.


Пікірлер(0)

Пікір қосу