Колледж студенттерінің шәкіртақысы көбейеді

28 Маусым, 2019 144

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов колледж студенттерінің шәкіртақысы туралы сөз қозғап:

"Жақында президенттің тапсырмасы бойынша жұмысшы мамандықтарында оқып жатқан студенттердің стипендиясы 30 процентке көтеріледі. Енді, оның көлемі 21 787 теңге болады", - деді есеп беру кездесуінде.

Естеріңізде болса Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына грант бөлінетінін айтқан болатын.

Сондай-ақ, кәсіби-техникалық білім беру саласындағы жұмысшы мамандықтары бойынша оқып жатқан студенттердің стипендиясы артады.

Осы тапсырмалар аясында жоғары оқу орындарында қосымша 5 мың грант бөлініп, стипендияның көлемі 30 процентке көбейеді.


Пікірлер(0)

Пікір қосу