Атыраулық мұнайшылар шетелдіктермен қақтығыс жасады

29 Маусым, 2019 685

Turkistan.kz ақпараттық порталы. Атырау қаласының мұнайшылары арасында ұлтаралық қақтығыс орын алды.

Бейресми мәліметтерге қарағанда ұлтаралық қақтығыс негізінде туындаған. Әлеуметтік желіге араб жігітінің жыныстық қатынасқа итермелейтін қазақ қызымен түскен суреті жергілікті компаниядағы қазақ азаматтарының намысына тиген.  Сол суреті үшін жігітті соққыға жығып, аяғы қақтығыс пен наразылық шеруге ұласқан. «Таяқтың екі ұшы болатыны» сияқты көтеріліске шығудың тағы бір себебі шетелдік қарапайым жұмысшылардың қазақ жұмысшыларынан жалақыны көп алуында болып отыр.

Әлеуметтік желі қолданушылары да жарияланған видеоматериалға жазған пікірлерінде де «Қазақтарды құл сияқты ұстайды», «бұлар қазақты басынғысы келеді» деген сияқты толассыз хабарламалар көп.

Пікірлер(0)

Пікір қосу