Арыстың әр тұрғынына 100 000 теңге, кәсіпкерлеріне 5 000 0000 көмек беріледі

29 Маусым, 2019 136

Апаттан зардап шеккен Арыс тұрғындары бір ай ішінде 100 мың теңгеден алады, - деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов.

"Арыс қаласының әрбір тұрғынына бір ай ішінде 100 000 теңге аударылады. Арыс қаласындағы кәсіпкерлерге 1 пайызбен 5 000 000 теңге несие беріледі. Арсенал 2 апта ішінде қаладан көшіріледі", - деп жазды Қалқаманов Facebook желісіндегі парақшасында.

Сонымен қатар, Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен халықтың жай-күйімен танысуға ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин арнайы келген болатын. Премьер-министр облыс басшысы Ө.Шөкеевпен бірге снарядтан зақым келген  ғимараттардың жай-күйімен танысты

Пікірлер(0)

Пікір қосу