Шынайы махаббат оқиғасына негізделген 10 үздік фильм

29 Маусым, 2019 471

 «Мен нағыз махаббатты армандаймын» деп ән салып, роман жазып, кино түсіріліп жатқанына қаншама ғасыр өтті. Кейбір жексенбілік кештерде жаныңызға жылулық сыйлайтың, езуіңізге күлкі үйіретін кино көргіңіз келетіні жасырын емес. Ендеше, керегіңізге жарасын деп сізге үздік фильмдер топтамасын ұсынамыз!


«Ешь. Молись. Люби»

Бұл фильм Элизабет Гилберттің романы бойынша түсіріліп, көрерменге жол тартты. Фильм желісі бойынша, бірде Элизабет есімді ару өзінің бақытсыз екенін, өмірінің босқа өтіп жатқанын сезінеді. Сезінген бойда, осы арнамен жүре бермей өзгеріс жасау керек деп, өзгерісті өзінен бастайды. Өзгерістің қалай болғанын, қалай жасағанын, шынайы өмірмен қалай байланысқаны сізге қызық болса, киноны көруді ұсынамыз!

«Колония Дигнидад»

Бұл фильмді де көруіңіз қажет, себебі бұл фильмде екі жастың махаббаты туралы баяндалады. Жас журналист жігіт Даниель мен стюардесса Ленаның бір – бірі үшін барған тәуекелдері сізді таң қалдырмай қоймайды. Тыншылықпен айып тағылып колонияға жабылған Даниельдің тағдыры қандай болмақ? Әрі ол колониядан осы уақытқа дейін ешкім тірі шықпаған...


«Клятва»

Сенім мен сезім. Лео мен Пейдж. Үйленгендеріне бір жыл толып ең бақытты шақтарында жол апатына ұшырайды. Екеуі де аман қалғанымен Пейдж Леоны танымайды... бақыттың құшағында тербелген әйелі өзінің күйеуі бар екенін ұмытып қалған. Леоның шыдамдылығы мен махаббаты қайта сыналып, сүйіктісінің жүрегін екінші рет жаулай алар ма екен?


«Анна и король»

Бұл елде махаббатты жария етуге болмайды. Тыйым салынған. Бірақ, король Монгкут пен Анна бір – біріне ғашық.  Корольдің ауласында онң 39 әйелі мен 82 баласына сабақ беретін қарапайым ұстаздың патшасына ғашық болуы қалай?


«Из Африки»

Бұл картинаның негізі биографиялық кітапта жатыр. Даниялық Карен Бликсен. Күйеуінің соңынан Африкаға көшкен әйелдің өмір тарихы. Махаббатының соңынан ерген басқа адамға ғашық болып, шынайы сезімді басынан өткерсе ше....?

Бұл фильм «Оскар» жүлдесін  жеті рет иеленген.


«Невидимая женщина»

Ағылшындық жазушы Чарльз бен жас актриса Элленнің махаббаты. Олардың махаббаты ешкімге ұнамады. Себебі,  Чарльз 45 те, ал Эллен 18 де ғана....  қыз үшін отбасын тастап, басқаның көз жасына қалып, «Бақытты бола алар ма екен?»

«Новый свет»

Ұлыбритания капитаны Джон Смиттің махаббаты жайлы сыр шертетін кино картина кез – келген жүректі селт еткізбей қоймайды. Жаңа жер іздеп табамын деп Солтүстік Америкаға аттанған азаматтың бақыт табарын кім білген?


«Вселенная Стивена Хокинга»

Қарапайым Кембридж студенті Стивен филология факультетінің студенті Джейнге ғашық болады. Сіздің де есіңізге студент шағыныз түсті ме? Айдай әлемге аты тараған Стивеннің ғұмыр тарихында әйелінің алар орны бөлек. Себебі, ауыр дертке ұшыраған студенттің бұл әлемнен үн – түнсіз, тарихта да есімі қалмай кетуі мүмкін еді...

«Запретная любовь»

Адамдардың тыйым салынған нәрсеге үйір болатыны несі? 4 адамның арасындағы шаршы тәріздес махаббаттың барар жері қаншалықты ұзақ? Талантты жас ақын Дилан және оның алғашқы махаббаты  Вера. Тағдыр деп айырылысып кеткен екі жас осы тағдырдың жазуымен бір күні қайта кездеседі. Бірақ екеуінің де қосылған жары бар. Алайда, Вера Диланмен бірге болуы үшін оның әйелімен танысып құрбы болады...


«Титаник»

Қаншама адамдардың өмірін жалмаған кемедегі екі тағдырдың бір – бірімен кездесуі кездейсоқ емес шығар. Егер сіз осы уақытқа дейін бұл фильмді көрмеген болсаңыз, міндетті түрде көріңіз! Себебі, шынайы махаббат пен сезім, өмір мен өлім.... барлығын осы арадан табасыз!



·        Дайындаған: Рысгүл Досжанова

Пікірлер(0)

Пікір қосу