Бұл сөздерді «Сүйіктіңізге» ешқашан айтпаңыз!

29 Маусым, 2019 188

Кейде біздің аңдаусыз айтқан бір ауыз сөзіміз жақындарымыздың көңіліне тиіп кететінін немесе оларды әбден жалықтырғанын байқамай жатамыз. Соның әсерінен қаншама отбасының берекесі мен тыныштығы кетті. Дұрыс айтылмаған бір ауыз сөздің өзі кейде сіздің көз жасыңыздың себебі болуы мүмкін. Егер, барыңызды бағалап, бұрыңғы бақытты күндеріңізді аңсап жүрсеңіз, үйіңіздегі берекенің болмай кеткенін байқасаңыз «Сөзіңізді» түзегеніңіз абзал. Себебі, құрмет бар жерде махаббат та бар.

«Бәріне сен кінәлісің!»

Болған оқиға үшін шу шығарып, сүйгеніңіздің көңіліне қаяу салудың еш қажеті жоқ. Кешігіп барған жер үшін, жол кептелісі, жуылмай қалған киім тағы сол сияқты ұсақ – түйек болмашы заттардың барлығы сіздің агрессияға толы күйіңізден одан сайын ушыққандай болып көрінеді. Қандай да кикілжің орын алып тұрса да, ашуыңыз тарқағаннан кейін түсіндіріңіз. Себебі, сабырлы қалпыңызда «кімнің дұрыс немесе бұрыс қылық» істегенін айқындау да, түсіндіру де оңай болады емес пе?!

 

«Ол мен үшін осылай жасайтын»

Ешқашан бұрыңғы сүйіктіңіз жайлы айтпаңыз! Еш уақытта сөз қозғамауға тырысыңыз! Себебі, сіздің ол туралы айтқаныңыз, жасаған салыстыруыңыз бір күні оған: «Мүмкін, ол оны әлі жақсы көретін шығар» деген ой әкелуі мүмкін.  Сіздің салыстыруларыңыз ашу мен уайымға, қыз бала болса өз – өзіне деген сенімділігін жоғалтуға әкелуі мүмкін. Барыңызды бағалаңыз. Қадірін біліңіз.


«Адам деген солай сөйлей ма?!»

Ешқашан кемсітіп, артқа тартып сөйлемеңіз. Оның сізге немесе басқаға айтқан сөзі мен ойы ұнамай қалса да оны төмендетудің қажеті жоқ. Әркімнің өз ойы бар. Қалай сөйлегісі келсе, солай жеткізеді. Егер, шынымен шыдай алмай бара жатсаңыз, «Арбаңыз сынбайтындай, өгіз өлмейтіндей» етіп оңашада жеткізіңіз. Көпшілік алдында сүйіктіңізді түземеңіз. Себебі, бұл қадам ыңғайсыздыққа әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, сізге не айтса да тыңдай біліңіз. Тоқтатпаңыз. Себебі, ғашықтар арасындағы «таусылмайтын әңгіменің» таусылып қалуына бірден – бір себеп осы. Адамның санасына автоматты түрде «ой, ол тыңдамайды», «өз айтқанымен жүреді», «ұқпайды» деген  түсінік қалыптасады.

«Бір нәрсені дұрыс жасай алмайсың»

Ол адамның қолынан келмейтінін біліп тұрсаңызда , сол ойыңыздың қатпарында қалсын. Айтпаңыз.  Егер ол адам сізге шынымен қымбат болса, «қолынан түк келмейді», «ештеңе білмейсің» деп айтпаңыз. Егер, сіз біліп тұрсаңыз  үйретіңіз. Болмаса, осы істің алдын алыңыз. Тіпті, іс насырға шапқан күннің өзінде де оған бола салыңыз суға кетіп, ашуланып қажеті жоқ. Керісінше, демеу болыңыз. Шешімін бірге табыңыз.


«Мен саған айттым ғой...»

Бұл сөзді тілдік қолданысыңыз тұрмақ, санаңыздан да алып тастаңыз.  Осы айтқаныңызды дәлелдеу сізге соншалықты маңызды ма? «Білгіштігіңізді» айту, бетіне басу, «Дұрыстығыңызды» көрсету қаншалықты пайдалы?

Барлығы қателеседі. Сіз керісінше оған қателік жасап, одан сабақ алуға көмектесіңіз. Ол сізден қолдау мен махаббат күтеді соны ұмытпаңыз. Күлімдеңіз. Құшақтаңыз. Бәрінің жақсы болатынына сендіріңіз.


«Сен мені сүйсең, бұлай жасамас ең...»

Мұндай сөз айтуды, талап – шарт жасауды манипуляция дейді. Қажеті не? Сүйіктіңізді бар болмысымен сүйіңіз. Оның барлық жасаған амалының жақсы жағын іздеп көріңізші. Таңдау жасатып, қысым көрсетпеңіз.

«Менің анам  бұлай жасамайтын»           

Бұл сөзді көбіне ер адамдар айтады. Әрине , махаббаттың алғашқы баспалдақтарында бұл сөздің көмегі тиюі мүмкін. Бірақ, жиі айтылған бұл сөздің сон ұрысқа апаруы мүмкін. Сіздің сүйіктіңіз – сіздің анаңыз емес. Екеуі басқа адам. Егер анаңыз сияқты болғанын қаласаңыз, мәселені басқаша шешіңіз.


«Сенің отбасың кілең сондай...»

Есіңізде болсын, отбасы бұл – ең қадірлі ұғым. Мұндай сөзді ешқашан айтпаңыз! Біреудің отбасылық жағдайына араласпаңыз және сөз тасымаңыз. Егер, ондай болғанын қаламасаңыз көмектесіңіз. Бұл сөзді айту арқылы сіз оларға «дұшпан» боп кетуіңіз әбден мүмкін.


Дайындаған: Рысгүл Досжанова




Пікірлер(0)

Пікір қосу