Қазақстандық азамат Германияда белгісіз жағдайда жоғалып кетті

30 Маусым, 2019 202

Turkistan.kz ақпарат порталы. 

ФБ әлеуметтік желісінде Ғабит Нұсқабай есімді қолданушы Германияның Гамбург қаласына кеткен туысымен хабарласа алмай жатқанын хабарлады.

Тілшілеріміздің анықтауы бойынша, Алихан Сыпатай Нұрмаханұлы есімді азамат 2019 жылы, қаңтардың 17-інде Алматы-Мәскеу, Мәскеу-Прага, Прага-Гамбург бағытымен Германияға кеткен. Отбасымен аудио, видео қоңыраулар арқылы байланыста болған. 24 маусымнан бері нақты хабар жоқ. 29 маусым күні өзі секілді жұмыс жасауға аттанға адамдардан құжатының дұрыс болмауына байланысты полиция бөлімшесінде екенін жеткізген.

Алихан Сыпатай - 1999 жылы туылған, алматылық азамат.

Пікірлер(0)

Пікір қосу