Эли Даут үшін қолымды кеудеме қойып, кешірім сұраймын

01 Шілде, 2019 462

Теңіз кентіндегі ССЕР компаниясының қызметкерлері арасындағы жанжал туралы ести сала Ливандық «Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (ССЕР)» компаниясының бас директоры Кауаш Хишам Атырауға келді.


Кауаш Хишамның әлеуметтік желілерде жарияланған бейне үндеуінде:

«Қайырлы күн! Мен Эли Даудтың іс-әрекеті үшін барлығыңыздан кешірім сұрағым келеді. ССЕР басшылығы мен қызметкерлерінің атынан бұл компания саясатына, құндылықтары мен қағидаттарына сәйкес келмейтін келеңсіз оқиға болғанын айтқым келеді. Аталмыш жағдайдан кейін онымен арадағы келісімшарт бұзылып, ол жұмыстан босатылды. Біз осы жағдайға қатысты толық ішкі тергеу жұмыстарын жүргізіп, қажетті шараларды қабылдаймыз. Қолымды жүрегіме қойып, компанияның бауырлас қазақтарға ерекше құрметпен қарайтынын айтқым келеді. Мен болған жайт үшін тағы да кешірім сұраймын. Осы оқиға туралы естіген бойда жағдайды реттеу үшін дереу Атырауға ұшып шықтым. Бүгінгі таңда Теңіздегі жағдай тұрақты, өлім-жітім, ауыр дене жарақаттары болған жоқ»

ҚР ҚК-нің 293 «Бұзақылық» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда

Пікірлер(0)

Пікір қосу