Өрттен қаза тапқан 5 қызға ескерткіш орнатылады

01 Шілде, 2019 362

 «Республика-аймақ-даму» қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтук Нұр-Сұлтан қаласында ақпанда өрттен қаза тапқан бес қызға ескерткіш орнатуды жоспарлап жатқанын хабарлады.

"Әлем елдерінде осындай мемлекет  пен менталитеттегі өзгерістердің катализаторы болған қайғылы оқиғаларға ескерткіш немесе мемориал орнатады. Мұндай ескерткіштердің негізгі ойы - "есте сақтау!". Міне, қайтыс болған қыздарға ескерткіш мемориалын қою идеясы келді, оны досымыз Олжас Мұхамеди шығармашылық жағынан жүзеге асырып жатыр. Көпбалалы аналар тұрғын үй мәселесін шешу үшін бірікті, қоғам өкілдері әлеуметтік қолдауды арттыру үшін белсенділік танытты, ең бастысы билік өзгере бастады", - деп хабарлады Facebook желісінде Байтук.

Жобаны келесі жылдың ақпанына қарай, қайғылы оқиғаға бір жыл толғанда жүзеге асыру жоспарланған. .

"Ескерткіш өте биік болмайды.  Сонымен қатар, ескерткіш сызбасы адам миына шабуыл жасайтындай болғанын қалап отырмыз.. Ескерткіште анасының қолында бала тұр және одан бес құс аспанға шарықтап барады. Жобаның алдын ала сызбасы бекітілгеннен кейін бюджетін есептейміз.", - деді Байтук tengrinews.kz тілшісімен әңгімесінде.  Оның айтуынша, бірнеше кәсіпкер жобаны қолдауға дайын екендерін білдіріпті. 

Естеріңізде болса, 4 ақпанда Нұр-Сұлтанда жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес қыз қаза тапқан болатын. Өрт сөндіру барысында 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген бес баланың мәйіті табылды..


Пікірлер(0)

Пікір қосу