ҰЯТ: Қазақтың КӨК ТУЫН гей - парадқа алып шықты

01 Шілде, 2019 183

«30-маусымда Нью-Йоркте әлемнің күллі елінен біржыныстылар жиналып, 4 жылда бір рет болатын Дүниежүзілік гей-парад өтті»,- деп хабарлайды Turkistan.kz  ақпараттық порталы Qamshy.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ-та алғаш рет әлемдік деңгейдегі гей-парад өтті. Бұл іс-шара біржыныстылардың өз құқықтары үшін күресуінің 50 жылдық мерейтойына арналды.

Нью-Йорктегі гей-парадтағы ТМД елдері өкілдерінің орыс тілді колоннасы мемлекеттік ту астына стильденген айтарлықтай көлемді плакатты өрістетіп, Қазақстанды жеке бөліп көрсетті.

"Біз бәріміз бір күннің астында тұрамыз", - деген ұранды қолданды демонстранттар.

Қазақстан туының шеруде көрініс бергені кездейсоқтық емес. Өйткені, ЛГБТ-босқындар саны бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында 3-ші орында тұр. Сонымен қатар, АҚШ-та елдегі біржыныстылардың жағдайы жиі талқылануда.

Пікірлер(0)

Пікір қосу