Италияда жанартау атқылады

04 Шілде, 2019 164

Италияның Стромболи аралында жанартау атқылай бастады.

Салдарынан 1 турист қаза тапты. Құтқару қызметі мамандарының айтуынша, турист тау шыңын бағындыру кезінде атқылай бастаған жанартауды көріп абдырап қалған. Нәтижесінде ол таудан түскен тастардан көз жұмды. Бұған қоса, тағы бір адам жарақаттаныпты. Куәгерлердің сөзінше, жанартаудан шыққан лава тау бөктерімен ағып, жолында кездескеннің бәрін күлге айналдырып жатыр. Ал одан шыққан күл аралды толығымен басып қалған.

Айта кетсек, Стромболи әлемдегі ең белсенді жанартаулардың бірі саналады. Ол 1932 жылдан бері тоқтаусыз атқылап келеді.

Пікірлер(0)

Пікір қосу