Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман «Сұңқар» Оспанов АСА 99 турнирі алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

27 Қыркүйек, 2019 192

27 - қыркүйек

АСА (Absolute Championship Akhmat) тұжырымында өнер көрсететін Арман Оспанов  кезекті жекпе-жегі алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті. 27 қыркүйек күні, Мәскеу қаласында өтетін АСА 99 турнирінде шаршы алаңға оралатын отандасымыз 66 келіні көрсетті.

«Сұңқар» бұл кеште Алексей Полпудниковпен үшінші рет жекпе-жек өткізеді. Қос спортшы бұған дейін екі мәрте кездескен. Алғашқы жекпе-жекте Арман Оспанов жеңңіске жетсе, екіншісінде Арманды төрешілер Алексей Полпудниковке жығып берген болатын.

Пікірлер(0)

Пікір қосу