Головкин жекпе-жек өткізу үшін Нью-Йоркке келді

01 Қазан, 2019 161

Қазақстандық Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасу үшін Нью-Йоркке келді, - деп хабарлайды Vesti.kz.  30 қыркүйекте Головкин The Breakfast Club радиобағдарламасының қонағы болып, танымал Sport Illustrated басылымына сұхбат берді. 
Головкин - Деревянченко кездесуі 5 қазанда Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегі болады. Боксшылар IBF және IBO титулдарын сарапқа салады.  Шоудың андеркартында жеті кездесу болады - олардың бірінде қазақстандық Али Ахмедов америкалық Эндрю Эрнандеспен жұдырықтасады.

Пікірлер(0)

Пікір қосу