Студенттінің мүмкіндігі көп ҚазҰУ

02 Желтоқсан, 2019 38

ҚазҰУ өзінің студенттеріне білімнен бөлек басқада мүмкіндіктерді қарастырған бірден бір университет.

 «Қайырымды қала тұрғындарына» яғни қалашықта тұратын және оқитын  студенттерге арналған «Smart city»-дегі «Керемет» орталығы.

          Оның несі керемет дейсіз ғой, атына заты сай «Керемет» қызмет көрсету орталығы. Дизайн  пирамидаға ұқсас етіп салынған ерекше стильде.

Әрбір студентке бір жерде қызмет көрсетеді ерекшелігі осында. Тегін жаңа құралдармен жабдықталған емдеу орталығы. Кез келген жағдайда тексерілуге мүмкіндігіңіз бар. Студенттерге арналған емханаға бармай қалашықтан шықпай емделуге болады. Дәріханада осы ортылқтың ішінде.

Сонмен қатар «Студент кеңесі» сияқты студенттер ұйымдары өте көп сол ұйымдардың орталықтары мен кеңселері осында орналасқан. Ол жерде тек студенттер ғана қызмет көрсетеді. Ұйымдар туралы барлық ақпаратты ала аласыз.

Халықаралық академиялық мобильділікті қамтамасыз ету секторында айта кетсек. Шетелдіе, Қазақстан аумағындағы басқа университетке барып оқуға мүмкіндік беретін бөлім. Құжаттарды рәсімдеу және қандай да бір сұрағыңыз болса ақпарат алу мүмкіндігі жоғары.

          Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ тіркеуге тұрып, мекен-жай анықтамасын, электронды сандық қолтаңбаны да алуға болады.

          Банк қызметі төлем жасау қызметі де қарастырылған екендігінде тілге тиек етуге болады.

          ҚазҰУ-дың «Кереметінде» студенттерге арналған кинотеатр, супермаркет, асхана, басып шығару орталығы, шаштараз, кітап дүкені де,  қамтылған.

       Қалашықтың ішіндегі кішкене орталықтан барлық жұмысты бітіруге болады. Университет тарапынан жасап жатқан мүмкіндіктер өте бұл орталықта сол мүмкіндіктердің бірі деуге болады.

Абылай Бекқажиев

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

2-курс магистранты

Тарих-педагогика мамандығы

 

Ғылыми жетекшісі:

Үдербаева Сәуле Кәрібайқызы,

Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ

Қазақстан тарихы кафедрасының доценті

 

Пікірлер(0)

Пікір қосу