Білімді кадрларды түлеткен - ҚазҰУ

02 Желтоқсан, 2019 54

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасындағы рейтинг бойынша алғаш тұрған, елімізде ең алғаш Қазақстан Республикасының Президентінің “Сапа бойынша жетістігі үшін” сыйлығының лауреаты, өнімдер мен қызметтердің сапа бойынша жетістігі үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұсынған сыйлықтың дипломанты атанған бірден-бір оқу орны. Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық университтер бірлестігінің мүшесі және Евразиялық университтер бірлестігінің тең құрылтайшысы болып табылады, сонымен қатар Қазақстандағы бірінші және Орталық Азия елдері Болонье қаласындағы Ұлы Хартия Университтері келісім шарт жасаған жоғары оқу орны. Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ біліммен, ғылыммен, рухани-тәрбиемен, инновациялық және өндірістік потенциалмен қамтамасыз ете алады.

Университтің құрамында 15 факультет, 63 кафедра, 20 ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттары, технопарк іске қосылған; 2 мыңға жуық профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары және философия докторлары, 100-ден аса ірі академиялардың академиктері, 30 –ға жуық Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, 30-дан аса Мемлекеттік лауреаттар және ҚР таңдаулы сыйлықтарының иегерлері, 40 жас ғалымдар сыйлығының иегері, 45 мемлекеттік ғылыми шәкіртақы иегерлері жұмыс жасайды. Университет қабырғасында 18 мыңға жуық студенттер мен магистранттар жоғары деңгейлі жүйе бойынша кәсіби білім алады. Университет 418 ірі халықаралық жоғары оқу орындарымен халықаралық білім бағдарламасын жүзеге асыруда, студенттер ауыстырып білім беруде және тәжірибелер өткізуде бірлесіп жұмыс жасауда.

          «Адам өмірде, мамандық таңдаудан қателеспеу керек»,- деген жауыр болған сөз бар. Әрине мамандықты дұрыс таңдау керек алайда мамандық таңдаудан бұрын білім ордасын сапалы таңдаңыз.

          «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы»,-дегендей ұстазыңыз жақсы болса сапалы маман боларыңыз қақ. Сіздің жетістікке жетуіңіз үшін мамндық емес ортаңыз маңызды. Сапалы да, саналы, білімді маман дайындауға озық білім ордасы ол – ҚазҰУ.

          Әрбір ізденушіге мүмкіндікке шектеу жоқ екені анық алайда ҚазҰУ-да мүмкіндіктерге жол ашылады.

          Өткен ғасырда бой көтеріп осы уақытқа дейін қаншама білімді түлекті түлетіп қазіргі таңада сапалы маман болып елге қызмет етуде. ҚазҰУ-дан түлегендердің беделді, мансапты тұлғалардың қатарында жүр. Бұл да сапалы білімнің арқасы екені анық.

Балапандай қанат қаққан, әрбір жас тұлғаны бауырына басып дамуына үлес қосып келе жатқан маңдай алды университет ол – ҚазҰУ. Қазіргі таңда ҚазҰУ QS халықаралық рейтингінде 800 университет арасында 236-орында тұрғанын айта кетуіміз керек. Әрбір студент еліміздің болашағы. Сапалы маман даярлауда біздің университет алдыңғы қатарларда жүр. Білімнің қайнар ошағы болып отырған қара шаңырақ заманауи білім беруден де қалыс қалып жатқан жоқ. Әлемдік озық елдерге студенттеріміз барып оқып келіп тәжірибе жинап университетте дуалды жүйе де қалыптасып теория мен практиканы қатар дамытып жатыр

Абылай Бекқажиев

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

2-курс магистранты

Тарих-педагогика мамандығы


Ғылыми жетекшісі:

Үдербаева Сәуле Кәрібайқызы,

Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ

Қазақстан тарихы кафедрасының доценті

Пікірлер(0)

Пікір қосу