Менің Түркиядағы тағылнамам - болашағыма жасалған ерекше қадам

17 Желтоқсан, 2019 617

    Шетелдегі ғылыми тағылымдама 2019 жылдың 25 қазан мен 8 қараша аралығында Туркия Республикасы Анкара қаласындағы Анкара әлеуметтік ғылымдар университетінің Әлеуметтік және  ғылымдар факультеті, тарих бөлімінде ғылыми іс – тәжірибеден өттім. Аға доктор,оқытушы Ресул Ялчынмен танысып Тарих бөлімінде тағылымдама мәселелері бойынша құжаттарды тапсыру, тіркелу және тәжірибе алмасу бағдарламасымен, диссертация жұмысымызға байланысты таныстыру жұмыстары жүргізілді. Ғылыми тағылымдама барысында Анкара әлеуметтік ғылымдар университетінің орталық кітапханасына барып , ондағы ғылыми кітап қорымен танысып, өзімнің диссертация жұмысыма байланысты библиографиялық тізім жасап және де Анкара орталық  кітапханасына  барып, электронды каталогпен жұмыс жасадым.

  Тағылымнама барысында магистрлік диссертациямызға байланысты университеттің материалдық – техникалық базасы таныстырылды. Сонымен қатар кафедраның ұйымдастыруымен, арнайы ғылыми семинарға қатысып, оқытушы – профессорлардың баяндамаларын тыңдадым.

    Анкара қаласындағы ірі тарихи орындарға билет сатып алып, Мустафа Кемаль Ататүріктің музейіне, Аниткабірге, Алтынкөй ашық аспан астындағы  музейіне т.б. экскурсия жасадық.

    Түрік журналистері арнайы Мериям Хакімнен интерьвю алу барысында бізде қатыстық. Тағылымдамадан өткенімізді растайтын сертификат табыс етілді. Ғылыми тағылымдама нәтижесінде жаңа материалдармен танысып, диссертацияға қатысты мәліметтер қоры толықтырылды. Осындай жағдайды жасап жатқан үкімет пен университетімізге көп рақмет!

Асельхан КАРЖАУБАЕВА

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2-курс магистранты

Ғылыми жетекшісі: Т.ғ.к., доцент З. Майданали

Пікірлер(0)

Пікір қосу