Мамандығым - мақтанышым

17 Желтоқсан, 2019 147

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, тарих, археология және этнология факультетінің, Қазақстан тарихы кафедрасында практикалық тәжірибеден өттім.

    Практикалық тәжірибеден 1-курс «Мейрамхана және қонақ үй бизнесі» мамандығына «Н.Ә. Назарбаев  - тарихтағы тұлға» атты тақырыпта ашық сабақ өткіздім. Ашық сабақ барысында студенттер елбасымыз жайлы қызықты әрі құнды деректер жинады. Қарт тарихқа зер салсақ, елбасымыз еңбек жолын сонау Темерітаудан бастап, Қазақстан  магниткасында шыңдалған азамат! 

    Ашық сабаққа т.ғ.к., доцент Ұ.М. Джолдыбаева қатысып, сабақ соңында өз әсерімен бөлісті. Өзіміздің елбасымыздың  істеген жұмыстарына, халыққа деген еңбегіне баға беретін болсақ, Н.Ә. Назарбав – қайталанбас тарихи тұлға деген атқа ие! Мемлекеттің  негізін қалаушы тұлғалардың есімдері алтын әріппен жазылғанын көреміз, солардың қатарына елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың алар орны сөзсіз. Қазақстан Республикасының дамуна үлес қосқан – қазақ елінің, тұңғыш президентіне алғысымыз шексіз! 1-курс «Мейрамхана және қонақ үй бизнесі» мамандығына, практикалық тәжірибе жетекшім т.ғ.к., доцент Ұ.М.Джолдыбаеваға алғысым шексіз!

Асельхан КАРЖАУБАЕВА

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2-курс магистранты

Ғылыми жетекшісі: Т.ғ.к., доцент З. Майданали

Практикалық тәжірибе жетекшісі: т.ғ.к., доцент Ұ.М. Джолдыбаева

Пікірлер(0)

Пікір қосу