ҚПЛ: Тобыл жаңа маусымға дайын

06 Наурыз, 2019 271

Жасыл алаң төрінде Қостанай қаласының намысын қорғап жүрген "Тобыл" футбол клубы 2019 жылы бәйгеге түсетін құрамымен таныстырды. Жаңа маусымның шымылдығы 9 наурыз күні ашылады.

Өткен жылы маусымды 3-орынмен аяқтаған клуб биыл құрамаға жаңа ойыншыларды алды. Атап айтқанда, қақпашылар - Балаев пен Пасеченко, қорғаушылар - Клещенко мен Семченков, жартылай қорғаушылар - Бочаров, Валиуллин, Гордейчук және шабуылшы - Себай.
Ал клубтың жаттықтырушысы болып Владимир Газзаев бекітілді. Кездесу барысында жанкүйерлермен еркін сұхбат жүргізілді. Олардың талап-тілектері бойынша клуб директоры ойыншыларды барынша сақтап қалатындығын мәлім етті.

Сонымен «Тобылдың» 2019 жылғы футбол маусымына қатысатын толық құрамы мынадай:
Қақпашылар: Балаев, Бусурманов, Пасеченко.
Қорғаушылар: Әбілғазы, Дмитренко, Кассай, Клещенко, Мирошниченко, Сартаков, Семченков.
Жартылай қорғаушылар: Бочаров, Валиуллин, Гордейчук, Жарынбетов, Жулпа, Канкава, Квеквескири, Нұрғалиев, Федин.
Шабуылшылар: Тұрысбек, Себай.

Пікірлер(0)

Пікір қосу