Түркістан облысының əлеуметтік жағдайын жақсарту қолға алынды.

06 Наурыз, 2019 158

Бүгін Түркістан қаласында елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың "Нұр Отан " партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларын орындау бойынша партияның облыстық филиалының актив мəжілісі өтті. Мəжіліске өңірдегі партия филиалының өкілдері,басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысып, елдің əлеуетін көтеру бағытында пікір алмасты. Мəжілісте өңірдегі халықтың əлеуметтік жағдайын көтеру-басты мəселе болды. Түркістан облысында əлеуметтік көмек алушылар саны 283 мыңға жетіп, 2018 жылмен салыстырғанда 87,4 мың адамға артады. Аталмыш жиында облыс əкімі Өмірзақ Шөкеев тұрғындардың əлеуметтік жағдайын көтеру бағытындағы жұмысты жүйелеуді тапсырды.

Пікірлер(0)

Пікір қосу