ҚПЛ - 1 тур: 3 ойында 12 гол соғылды

10 Марта, 2019 284

9 наурыз күні ҚПЛ-ның 2019 жылғы маусымының алғашқы ойындары өтті. Нәтижесінде 3 кездесуде 12 гол соғылды.

Өз алаңында "Оқжетпесті" қабылдаған талдықорғандықтар азуын ақситып, алаңның нағыз қожайындары екендігін танытты.

Жетісу 5-1 Оқжетпес
Голдар: 11' Махабетов, 14' Наумов, 31' Алтынбеков, 78' Адамович, 87' Жаксылыков - 55' Молдақараев
Алаңнан қуылды: 61' Косминин (Оқжетпес)


Шымкенттіктер де қарап қалды. Кеншілердің қақпасына әлдері жеткенше теңбіл допты үш мәрте сүңгітіп шығарды.

Ордабасы 3-0 Шаxтер
Гол: Ж.Пауло дубль(Щеткин), Маxлангу(Щеткин)


"Ертістің" жағдайы әуелден белгілі болған. Бас бапкердің көмегенсіз шыққан команда сәтті ойын өрнегін көрсете алмады. Тобылдықтар қанжығаларына үш ұпай бөктеріп қалды.

Тобыл 3:0 Ертіс
Голдар: Азат Нұрғалиев 17, 35, Бауыржан Тұрысбек 80


Пікірлер(0)

Пікір қосу